Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
16
наурыз
2022

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, яғни, 16 наурыз күні сағат 11:00-де мемлекетіміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, халыққа кезекті Жолдауын жолдады. Елбасымыздың бұл Жолдаудауында саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жағымды жаңалықтар көп болды. Нақты айтар болсам:• Конституциялық сот құрылады және Ата Заңымыздың 30 шақты бабтары қайта қаралып, өзгерістер енгізіледі;
• Сенат депутаттарының санын азайту - 15-тен 10-ға дейін;
• Мәжілістегі халық ассамблеясы атынан сайланған депуттатарды сенатқа көшіріп, олардың да санын 9-дан 5-ке дейін азайту;
• Ұлттық құрылтай жасақтау;
• Президент ешқандай партияға мүше болмайды және оны бұл заңмен бекітіледі
Міне, осы сияқты президент тарапынан айтылған бұл ұсыныстар халық көкейінде жүрген көп сұрақтардың жауабы болғандай.
Сонымен қатар, мелекетімізде облыс сандарының көбеюі:
• Қарағанды облысына қарасты Жезқазған өңірі өз алдына жеке «Ұлытау» облысы болып, орталығы-Жезқазған қаласы болмақ;
• Шығыс Қазақстан облысынан Семей өңірі бөлініп шығып, «Абай» облысы атанып, орталығы - Семей қаласы болмақ;
• Алматы обысынан «Жетісу» облысы деген атаумен орталығы-Талдықорған қаласы болып, бір облыс бөлінбек, ал, Алматы облысының орталығы - Қапшағай қаласы болмақ, бұл ұсыныс елбасы тарпынан халықтың қалауына қалдырды, яғни, Қапшағай қаласының атауын ұлы тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтің есімімен алмастырса. Әрине, бұл ойды өз тарапымнан толық қолдаймын, өте оң ұсыныс деп те ойлаймын.
Бұндай саяси реформалы өзгерістер халықтың тек әлеуметтік-экономикалық жағдайын ғана емес, рухани жағынан да маңызды шешім болары сөзсіз.
Мен әріптестеріме мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауында айтқан барлық ұсыныстарына қолдау білдіріп, Жаңа Қазақстанның жас ұрпағына тәлімді тәрбие мен сапалы білім беруде бар күш-жігерімізді салып өз үлесімізді қосуға үндеймін!
Өзгеруге бетбұрыс жасаған «Жаңа Қазақстанның» гүлденіп, әлеуметтік – экономикалық жағынан толысып, мықты мемлекетке айналуы үшін әрбір адам өзінен бастап өзгеруі керек деп ойлаймын және соған әріптестерімді үлгі болуға шақырамын!

Мектеп директоры Иманбекова Ляйля Мұқатайқызы
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru