15
шілде
2022
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйледі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің ең маңызды мәселелері мен мемлекетіміздің жаңа жоспары талқыланды.
Кеңейтілген отырыста мемлекет басшысы халықтың табысын арттыру және теңсіздікті азайту басым міндеттердің бірі екендігі атап өтті.
Сонымен қатар, биылғы жылдың Балалар жылы деп жариялануына байланысты атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып өтті. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспардың қажет екендігін де баса атап өтті.
«Бүгінгі күні – мемлекет үшін ең басты инвестиция - білімге салынған қаражат болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Түптеп келгенде, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы. Сондықтан, бұдан ешкім ұтылмайтыны сөзсіз», - деп болашақ білімді жастардың қолында дегенді тағы да айқындай түсті.
Білім беру саласына қатысты айтылған тағы бір түйткілді мәселе – қосымша білім беруге тоқталып, өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама екендігін де айтып өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзін: «Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек.....», - деп қорытындылады.
Біз педагогикалық ұжым мүшелері, өз кезегімізде «Жаңа Қазақстанның» болашағы – білімді, іскер, өз Отанының патриоты болатын жастарды тәрбиелеуде үлесімізді барынша қосуымыз қажет.