Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің мәлімдемесіне қолдау » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің мәлімдемесіне қолдау
11
қаңтар
2022

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің мәлімдемесіне қолдау

Бүгін, яғни 2022 жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мәжілісте мәлімдеме жасады. Ел Президентінің елімізді дүрбелеңге түсірген қайғылы да келеңсіз жайттарға байланысты қабылдаған батыл қадамдарына өз ризалығымызды білдіреміз. Ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап қалудағы қосқан үлесі үшін барша Қазақстандықтарға, соның ішінде Талдықорған қаласының азаматтарына алғысымыз шексіз.  

ҚР Президенті өз  баяндамасында Білім саласына қатысты  тапсырмалар, жасалынатын жұмыс жүйесін нақтылап берді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда қазіргі кезде гуманитарлық мамандықтар дәурені өткендігін, техникалық білімге басты назар аудару керектігін, осы бағытта гранттар санын арттырып, білікті мамандар даярлануы қажеттігін баса айтты. 2025 жылға дейін елімізде техникалық бағытта бірқатар шетел университеттерінің филиалдарын ашу қажеттігін атап өтті.   


Осы орайда, біз, педагогикалық ұжым мүшелері, өз білімімізді, күш-жігерімізді Қазақстан Республикасының болашағы – Жастарға қажетті деңгейде білім беруде, өз ұлтының нағыз патриоты болуға тәрбиелеуде атсалысамыз.

Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru