Наурыз - 2022 » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
наурыз
2022

Наурыз - 2022







Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен қарсы алады.
Наурыз мерекесі- өте ерте кезден бастап, тойланып келе жатқан халықтың тұрмыс тіршілігіне байланысты мереке. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі «нау»-жаңа, «рыз» күн деген. Бұл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, мал төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні»- деп атаған.

Бүгінгі көктем күнінде Н.Островский атындағы #8 орта мектептің ұжымының ұйымдастырылуымен мектеп ауласында Әз-Наурыз мерекесі тойлануда. "Әз-Наурыз салт-дәстүрдің жаңғырығы" тақырыбы аясында қыз ұзату, бесікке салар, ат қою, шілдехана сияқты қазақтың көне ырымдары көрсетілуде. Мереке сценарийіне сәйкес мектеп ауласында ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, алтыбақан орнатылды. Мереке концерттік бағдарламамен жалғасады.
Жаңа жыл келсе – құт келгені халайық! Есік ашып , ел боп қарсы алайық ! Осы мерекеге арналған
Н.Островский атындағы 8 орта мектептің ұжымы баршаңызды мерекемен құттықтап дендеріңізге саулық, жан ұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейді. Жаңа жыл сіздерге бақ сыйласын!
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru