Ақпарат » Страница 4 » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабақтары
29
наурыз
2024
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы сабақтары
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сай бастауыш сынып ата-аналарымен балаларда тапқырлық пен эрудицияны дамытуға бағытталған зияткерлік ойындар мен жаттығуларды пайдалану арқылы ата-аналардың дағдыларын дамыту мақсатында "Балада тапқырлық пен эрудицияны қалай дамыту керек?" тақырыбында сабақ өткізілді. Жауапты мұғалімдер: И.В. Белокурова, Т.Н.Кенышпаева. Сабақ барысында ата-аналар баланың жеке басын қалыптастырудағы ойынның маңыздылығы, оның интеллектуалдық қабілеттерінің
Республикалық Чемпионатта жүлделі І орын!
28
наурыз
2024
Республикалық Чемпионатта жүлделі І орын!
Мектебіміздің 1 "Г" сынып оқушысы Айдарханов Амир Алматы қаласы Sadu arena-да өткен джиу-джитсудан Республикалық Чемпионатта жүлделі І орынды иеленді! Құттықтаймыз! Алар белестерің көп болсын!
Қалалық, Республикалық, Халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау
27
наурыз
2024
Қалалық, Республикалық, Халықаралық байқау жеңімпаздарын марапаттау
Мектебімізде қалалық, облыстық, республикалық деңгейде білім, спорт, патриоттық тәрбие, шығармашылық салаларынан топ жарып, бәйге алған жеңімпаз білім алушыларымызды марапаттау рәсімі өтті. Мектеп директоры С.Долаев алғысөз сөйлеп, білімгерлерімізді құттықтай отыра, алған жүлделі орындарымен марапаттады. Сонымен қатар, "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының мүшелеріне арнайы төсбелгілер тағылды. Оқушыларымыздың алда үлкен белестерден көріне беруіне тілектеспіз! Жарайсыңдар!
"Бұрымды қыз" арулар байқауы
26
наурыз
2024
"Бұрымды қыз" арулар байқауы
Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 8-10 сынып оқушылары арасында "Бұрымды қыз" байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы биязылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу; шаш күтімі мен тазалыққа баулу.
"Наурызнама: Тазару күні"
25
наурыз
2024
"Наурызнама: Тазару күні"
«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні. Бұл күні республика бойынша түрлі ұлттық экологиялық шаралар ұйымдастырылады. Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының
"Ұлттық киім - ұрпаққа аманат"
24
наурыз
2024
"Ұлттық киім - ұрпаққа аманат"
Ұлттық құндылық, ұлттық киімдерді дәріптеу мақсатында мектебімізде ұлттық киім кию челленджі жүзеге асырылды. Ұлттық мәдениет – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде ғана емес, жиі киіп жүрсе керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті
Ұлыстың ұлы күні -  Әз-Наурыз!
22
наурыз
2024
Ұлыстың ұлы күні - Әз-Наурыз!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат
20 наурыз - Ұлттық спорт күні
20
наурыз
2024
20 наурыз - Ұлттық спорт күні
Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес. Онда көшпелі тұрмыстың рухы бар, Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналатын. Бүгінгі күні Наурыздың арқасында ұлттық
19 наурыз - Жаңару күні
19
наурыз
2024
19 наурыз - Жаңару күні
 Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады. Оқушылар бұл күнде мектебіміздің мақтан тұтар түлектері - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (Х.Д.С.Ш.) Бір неше дүркін Қазақстан чемпионы, Ересектер арасында Әлем және Азия чемпионы, Халықаралық турнир жеңімпазы Сәрсенұлы Самат пен Халықаралық дәрежедегі спорт
"Наурыз - Қайырымдылық бастауы"
18
наурыз
2024
"Наурыз - Қайырымдылық бастауы"
⚜️ Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. 15 наурызда Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтеді. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп,
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru