Ақпарат » Страница 9 » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Заманның заңғар тұлғасы" байқауында оқушыларымыз жеңімпаз!
05
ақпан
2024
"Заманның заңғар тұлғасы" байқауында оқушыларымыз жеңімпаз!
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен қалалық М. Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған "Заманның заңғар тұлғасы" атты байқауында мектебіміздің оқушылары бақ сынады. "Жырымен жұртын оятқан..." кезеңінде жүлделі 1-орынды жеңіп алғаны үшін 8 сынып оқушысы - Тажибай Самал, "Мағжан - қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы" атты кезеңінде жүлделі 3-орынды жеңіп алғаны үшін 8 сынып оқушысы - Қайратқызы Еңлік, "Мен жастарға сенемін" интеллектуалдық кезеңінде жүлделі 1-орынды жеңіп
"Ағалар ерлігі ұрпаққа үлгі" -  Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті
01
ақпан
2024
"Ағалар ерлігі ұрпаққа үлгі" - Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына тура 35 жыл өтті. Ұмытылған көпжылдық тарихқа қарамастан, он жылдық соғысқа әлі де лайықты баға берілген жоқ. Дегенмен, әскери ант қабылдаған және үйден тыс жерде Отан алдындағы борышын өтеген жауынгерлер жас ұрпақ үшін үлгі болып табылады. 35 жылдық қарсаңында Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Ардагерлер өз өмірлерінен өткен соғыс, достарынан айрылу туралы айтып, оқушылардың
Алғашқы көмек көрсету дағдыларына арналған семинар
01
ақпан
2024
Алғашқы көмек көрсету дағдыларына арналған семинар
Адамгершілік-құқықтық жұмыс жөніндегі тәлімгер Әшімова Динара Ибрагимқызы мен тәрбие бөлімі мамандары №8 ОМ сегізінші сынып оқушыларына алғашқы көмек көрсету дағдыларына арналған семинар ұйымдастырды және өткізді. Н. Островский "Қызыл Жарты Ай қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілдерін шақырумен. Семинар барысында студенттер алғашқы медициналық көмек көрсету адамның өмірін сақтап қалуы немесе нашарлауының алдын алуы мүмкін жағдайларда дұрыс және тиімді әрекет ету үшін қажетті білім мен дағдыларды
Әкелер мектебі - «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»
31
қаңтар
2024
Әкелер мектебі - «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен»
Мектебіміздің «Ұлдар» ұйымының жетекшілері - Т.Чакаров пен Д.Мұқанай ата-аналар мектебі жобасы аясында: «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» тақырыбында 8-10 сынып оқушыларының ұл балаларымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында ұлдарымызға ұлттық құндылықтар мен тәрбие, қоғамдағы ер азаматтардың орны мен маңызы, зиянды әдеттерден аулақ болу өзекті мәселелері қарстырылды. Сонымен қатар жиналысқа мектептің ДТІЖО, психолог А. Найзагерова рухани-адамгершілік қасиеттер мен қазіргі заманғы оқушы
Абайдың қара сөздері - тәрбиенің қайнар көздері
30
қаңтар
2024
Абайдың қара сөздері - тәрбиенің қайнар көздері
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері - Жапсарбаева А., Сапарғалиева Ұ. ұйымдастыруымен "Абайдың қара сөздері-тәрбиенің қайнар көздері" тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға орта буын және жоғары сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Абайдың қара сөздерін оқи отырып, тәлім-тәрбиелік мәнін ашу. Оқушылар Абай атамыздың қара сөздерін QR арқылы ашып оқыды, мән-мағынасын айтты, өз ойларын білдірді. Ұлы ақынның қара сөздері
Оқушыларымыз Республикалық ғылыми жобалар фестивалінде жеңімпаз атанды!
29
қаңтар
2024
Оқушыларымыз Республикалық ғылыми жобалар фестивалінде жеңімпаз
26-27 қаңтар аралығында Түркістан қаласы Халықаралық экология, инженерлік-педагогикалық ғылымдар академиясының қоғамдық қоры Республикалық ғылыми жобалар фестивалі мен мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Байқауға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Топ жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, магистрант, оқытушы А.Н.Литвинова болды. Топ мүшелері: 11 «В» сынып оқушысы – Пересторонин Эдуард; 10 «Б» сынып оқушысы – Костенко Виктория; 9 «Ә» сынып оқушысы – Аянқызы Кәусар; 8 «Г» сынып
Онкүндік аясындағы ашық сабақтар
26
қаңтар
2024
Онкүндік аясындағы ашық сабақтар
"Қазақ тілі мен әдебиеті" әдістемелік-бірлестігінің онкүндігінде Жиенгельдиева Аида Оралбековна 4 "В" сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Сабақ нәтижесінде оқушылар тыңдалған материалдар бойынша сұрақтарға жауап беріп, сюжеттік даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырды. Айтылуы мен жазылуында айырмашылықтары бар сөздерді дұрыс ажырата білді. Педагог-зерттеуші өз сабағында түрлі әдістерді қолданып, сабақ мақсатына айқын түрде жетті. Сабаққа кері байланыс
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі жалғасуда
26
қаңтар
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі жалғасуда
"Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі" атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 6"Б" сыныбында "Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта өзге ұлт оқушыларының тілге деген қызығушлығы артып, ауызекі сөйлеу тілі дамыды. Оқушылар маңызды,сұранысқа ие мамандықтар жайлы өз ойларын жеткізуге тырысты. Пән мұғалімі: Саурыкбаева Райхан Асылхановна #НОстровский_атындағы_8_орта_мектеп #тілмемлекеттіңтұғырлытірегі
"Объективте - қауіпсіздік!" акциясы
24
қаңтар
2024
"Объективте - қауіпсіздік!" акциясы
23-ші қаңтар күні Жетісу облысы мектеп парламенттерінің Төтенше жағдайлар министрлерімен және "Жас құтқарушы" кадет сыныптарының оқушыларымен "Объективте - қауіпсіздік!" акциясы өтті. Мектебіміздің атынан Төтенше жағдайлар министрі - Шаймерден Арби мен Ақпарат фракциясының министрі - Сансызбай Мерей барып қайтты. Оқушыларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылар туралы таныстыру бейнеролигі көрсетіліп, құтқарушылардың авиациялық қорғаныс және құтқару құралдары көрнекті түрде таныстырылды
"Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі"
22
қаңтар
2024
"Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі"
Мектебімізде "Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі онкүндігінің ашылуы салтанатты түрде аталып өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Мерекелік шарада оқушылар тіл туралы жыр шумақтарын оқып, ақын-жазушылардың нақыл сөздерін жатқа айтып, ән шырқады. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы бір көз жеткіздік.
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru