Таңдаған жолымыздан айнымай, Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Таңдаған жолымыздан айнымай, Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!
01
қыркүйек
2022

Таңдаған жолымыздан айнымай, Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қыркүйегінде VII шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жасады.
Экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналған бұл жолдауда мемлекет басшысы Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформалардың нақты 4 бағдарына тоқталды:
1. Жаңа экономикалық саясат
2. Нақты секторды дамыту
3. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция
4. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту.
Реформаның 3-бағдарында Президент денсаулық сақтау саласы мен білім беру саласының нығаюына тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде, білім беру жүйесі туралы «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді ескере келіп, орта білім беру мекемелері туралы:
- Әрбір оқушы білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алу;
- 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау жолында апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешу;
- Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету, яғни, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға бюджет есебінен беру;
- Ұстаз мамандығының абырой- беделін арттыру ісін жалғастыру;
- Жаһандық ғылыми – техникалық даму барысын ескере отырып, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндері мен ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту сияқты келелі мәселелерге тоқтала келіп:
«Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Себебі бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде»- деді.
Қорыта айтқанда, мемлекет басшысы бұл жолдауында қоғамдағы әр салаға тоқталып, оң өзгерістер әкелетіндей нақты тапсырмалар беріп, халықтың әл-әуқатын көтеруге тура жолды нұсқағандай.
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru