Іс-шаралар » Страница 6 » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетісудың жас ақыны Мұхтар Күмісбекпен кездесу
26
қазан
2023
Жетісудың жас ақыны Мұхтар Күмісбекпен кездесу
"Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мəдени-ағартушылық жобаның аясында Н.Островский атындағы  №8 орта мектебінде "Кеудесі шын ақынның күй сарайы" атты ақынмен кездесу ұйымдастырылды. Сөз өнерін жастайынан жанының серігі еткен, жырдың інжу-маржанынан алқалы моншақ таға білген Жетісудың жас ақыны Мұхтар Күмісбек біздің алтын білім ордамызда қонақта болды. Іс-шарада ақынмен сұхбат жүргізіліп, өлеңдері оқылды. Оқушылар бойына рухани азық алып, жас ақын шығармашылығымен танысты.
"Төрт тоқсан-төрт өнер"ұлттық мəдени-ағартушылық жоба
26
қазан
2023
"Төрт тоқсан-төрт өнер"ұлттық мəдени-ағартушылық жоба
"Төрт тоқсан-төрт өнер"ұлттық мəдени-ағартушылық жобаның аясында Н.Островский атындағы  № 8 орта мектепте ақындар айтысы сайысына қатысушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Сөз өнерін дəріптеу, сөйлеу мəдениетін қалыптастыру. Болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу. Айтыс өнерін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту мақсатында өткізілетін дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптастыру. Шебер сөз құрау мен жоғары дең­гей­дегі поэзия арқылы мемлекеттік тіл­дің­ арнасын кеңейтіп, дамыту әрі
25 қазан-Республика күніне орай бірыңғай гимн орындалды
26
қазан
2023
25 қазан-Республика күніне орай бірыңғай гимн орындалды
"Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Н.Островский атындағы N8 орта мектепте 25 қазан-Республика күніне орай бірыңғай гимн орындалды. Барлық ұстаздар мен оқушылар гимнды бірыңғай орындады. Мақсаты: Отансүйгіштікке баулу. Патриоттық сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу. 
Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу
26
қазан
2023
Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу
"Н.Островский атындағы № 8 орта мектеп" КММ Ата- аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту мақсатында "Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу" тақырыбында жоғарғы буын ата - аналарына мектеп психологы А. Найзагерова сабақ өтті. Әріптестер арасында «бастауыш», «орта» «жоғары» сыныптар арасында жұмыс топтары құрылды. Әріптестеріміз өзара пікір алмасып, әдістемелік ұсынымдар ұсынды.
25  қазан  - Республика күні
22
қазан
2023
25 қазан - Республика күні
20 қазан күні 9 «А» сыныбында 25  қазан  - Республика күніне арналған «Мәңгі жаса, туған елім Қазақстан» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағаты: «Елім менің», «Еліміздің нышандары», «Еліміздің ұлы тұлғалары», «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталатын төрт беттік ауызша журнал мазмұнында өтті. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, патриоттық сезімі дамыған,
Жаңа Қазақстан. Таза табиғат
22
қазан
2023
Жаңа Қазақстан. Таза табиғат
Н.Островский атындағы №8 орта мектепте Республика күні мерекесіне орай "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" аясында  атты республикалық экологиялық сенбілік акциясы өткізілді. Мақсаты: Аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау. Тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыруды үлгі ретінде көрсету. Сенбілікке мектеп ұжымы қатысып, көшелерді күл-қоқыстан, сарғайған жапырақтардан
Отаным – бақыт ордасы
20
қазан
2023
Отаным – бақыт ордасы
Н.Островский атындағы №8 орта мектептің кітапханашылары Г. Жақсыбаева мен Б.Мужикованың ұйымдастыруымен, Республика күніне арналған «Отаным – бақыт ордасы» атты кітап көрмесі өтті. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру. Еліміздің қоғамдық саяси экономикалық әлеуметтік және рухани өмірдегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау. Отанын сүюге баулу. Қазақстан елінде тұратындарын мақтан тұтуға баулу. Сондай-ақ, туған халқының тілін, мәдениетін,
"Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени- ағартушылық жоба
18
қазан
2023
"Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени- ағартушылық жоба
Н.Островский атындағы №8 орта мектепте "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени- ағартушылық жобаның аясында "Ұлттық киімдер күні" өтті. Оқушылар әдемі ұлттық киімдерімізді  киіп, көпшілікке паш етті. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды, соның ішінде ұлттық киімдерімізді дәріптеу, бағалау және жас ұрпаққа насихаттау. Оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Патриоттық сезімдерін ояту. 
" Ақындар айтысы-2023 әлеуметтік желіде" атты сөз айтысы
10
қазан
2023
" Ақындар айтысы-2023 әлеуметтік желіде" атты сөз айтысы
 10  қазан күні "Н. Островский атындағы N8 орта мектебінде Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында,      8 "А" сынып оқушыларымен " Ақындар айтысы-2023 әлеуметтік желіде" тақырыбында сөз айтысы өткізілді. Сөз айтысында тіл мәртебесі көтерілді. Сөз айтысында сөзге шешен оқушылардың тіл байлықтары көрінді. Сөз айтысы оқушылардың сөз сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. 
"Адал еңбек" атты тәрбие сағаты
10
қазан
2023
"Адал еңбек" атты тәрбие сағаты
Н. Островкий атындағы №8 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен, "Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында, 5А сынып оқушыларымен "Адал еңбек" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға еңбектің мәні мен мағынасы жан-жақты түсіндірілді. Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru