Іс-шаралар » Страница 5 » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мәдени-танымдық жерлерге экскурсия
03
қараша
2023
Мәдени-танымдық жерлерге экскурсия
Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде "Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру" жоспары бойынша іс-шаралар жалғасуда. "Мәдени-танымдық жерлерге экскурсия" шараларын ұйымдастыру мақсатында 5 "А" сынып оқушылары М.Тынышбаев атындағы өлкетану музейіне барды. М. Тынышпаев атындағы мұражайында 27454 экспонаттар бар, олардың арасында көне Жетісудың археологиялық олжалары, көне музыкалық аспаптар, сан алуан ыдыс, қола қазандар, балшық құмыралар, сонымен қатар Жетісу қаласында
"Күз әлемінде", "Алтын күз" атты сурет байқауы
03
қараша
2023
"Күз әлемінде", "Алтын күз" атты сурет байқауы
Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде "Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру" жоспары бойынша 1-9 сыныптар арасында "Күз әлемінде" және "Алтын күз" атты сурет байқауы өтті. Оқушылар күз мезгіліне арнап әдемі суреттер салды. Мақсаты: Балаларды өнерге жақын болуға баулу. Өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. Сурет салуға баулу. Өнерлі оқушыларды анықтау. 
Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз
03
қараша
2023
Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз
Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде "Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру" жоспары бойынша оқушылар "Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз" атты іс-шараға белсене атсалысты. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Кітапты жиі оқуға баулу. Кітап оқудың пайдалы және жақсы әдет екендігін ұғындыру. Кітапханаға жиі баруды әдетке айналдыруға дағдыландыру. Білімге деген қызығушылықтарын ояту.
Сыбайлас жемқорлық - індет,оны жою міндет!
01
қараша
2023
Сыбайлас жемқорлық - індет,оны жою міндет!
Мектебіміздің 8-11 сыныптар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жылдық тәрбие жұмысының жоспары аясында «Сыбайлас жемқорлық-індет, оны жою міндет!» тақырыбында дебат-сайысы ұйымдастырылды. Орын алған оқушылар жұлделі орындармен марапатталды. Мақсаты: Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу. Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру. Олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында сыбайлас
"Қауіпсіз терезе" атты бірыңғай сынып сағаттары
01
қараша
2023
"Қауіпсіз терезе" атты бірыңғай сынып сағаттары
Жетісу облысы білім басқармасынан келіп түскен «Қауіпсіз терезе» республикалық ақпараттық науқанның тұжырымдамасы негізінде мектебімізде "Қауіпсіз терезе" атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Ақпараттық науқанның мақсаты: Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу. Балалардың терезеден құлап кету нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың, ересек балалардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
01
қараша
2023
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде "Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру" жоспары бойынша іс-шаралар жалғасуда. Осыған байланысты "Мәдени-танымдық жерлерге экскурсия шараларын ұйымдастыру мақсатында 8"Б" сыныбы кинотеатрға барды.  Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Ұлтжандылыққа, ауызбіршілікке, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: А. Мучураев.
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
01
қараша
2023
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
Н.Островский атындағы №8 орта мектебінде "Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру" жоспары бойынша "Ең үздік оқырман" және "Кітап оқу сайысы" өтті. Оқушылар "Ең үздік оқырман" және "Кітап оқу сайысында" өз білімдерін, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Кітап оқуға дағдыландыру. Сайыс соңында  ең үздік оқушылар анықталып, марапатқа ие болды.
"Мен Қазақпын!" атты ұлттық киімдер эстафетасы
26
қазан
2023
"Мен Қазақпын!" атты ұлттық киімдер эстафетасы
Н.Островский атындағы №8 орта мектепте Республика күніне орай "Мен Қазақпын!" ұранымен мұғалімдер мен оқушылар ұлттық киім кию эстафетасын ұйымдастырды. Осы күні ұстаздар мен оқушылар ұлттық киімдер киіп келді. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу, мақтан тұту, насихаттау. Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін ояту. 
«Менің Отаным - Қазақстан!» атты сынып сағаты
26
қазан
2023
«Менің Отаным - Қазақстан!» атты сынып сағаты
2023 жылғы 23 қазанда әдеп-құқықтық жұмыс жөніндегі ментор Ашимова Динара Ибрагимовна мен 8 «Ә» сынып жетекшісі Турарова Асель Ануарбековнаның ұйымдастыруымен, Республика күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараға арнайы К.Байсеитов атындағы саз колледжінің білімгерлері, қобызшылар Айтқали Ақмарал және Назимбек Айша шақырылды.
«Мәңгі жаса, туған елім Қазақстан!» атты сынып сағаты
26
қазан
2023
«Мәңгі жаса, туған елім Қазақстан!» атты сынып сағаты
Н.Островский атындағы №8 орта мектепте  Республика күніне арналған «Мәңгі жаса, туған елім Қазақстан!» атты сынып сағаттары  өтті. Сынып сағаттары: «Елім менің», «Еліміздің нышандары», «Еліміздің ұлы тұлғалары», «Менің Отаным-Қазақстан» деп аталатын төрт беттік ауызша журнал мазмұнында өтті. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі-туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, патриоттық сезімі
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru