Саяхат: Есік көлі, Түрген шатқалы, Аюлы сарқырамасы » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Саяхат: Есік көлі, Түрген шатқалы, Аюлы сарқырамасы
20
қазан
2024

Саяхат: Есік көлі, Түрген шатқалы, Аюлы сарқырамасы

19 қазан күні ата-аналар өтініші негізінде “Н.Островский атындағы 8 орта мектеп” КММ география пәнінің мұғалімі Турарова Асель Ануарбековнаның ұйымдастыруымен 6-10 сынып оқушылары Талдықорған-Есік қаласы бағытындағы далалық таным жорыққа барды. Экспедиция барысында оқушылар Есік қаласындағы “Алтын Адам” тарихи-өлкетану мұражайына кіріп, көне сақ тайпасының жәдігерлері мен Алтын Адам табылған обалар, әшекей бұйымдар сипаты, түсіндірмесі, археологиялық қазбалар жүргізген тарихшы археологтар, көне құрал жабдықтармен танысып, музей маңында 80 обаның жатқанына, Алтын Адам сол қалпында сақталып қалғанына тәнті болды. Келесі нүкте Іле Алатауы ұлттық саябағы аумағындағы Іле Алатауы тауының қазаншұңқырында орналасқан Есік көлі болды. Оқушылар көлдің шығу тегі, деңгейі, жағалық сызығы, тіршілік әлемі туралы көптеген ақпараттар алып, әсем табиғат көріністерінен баға жетпес әсер алды. Ал, соңғы локация- Түрген шатқалындағы Аюлы сарқырамасы. Сарқырамаға көтерілу үшін 1000 метрдей жаяу көтеріліп, биіктік белдеуліктерін кесіп өтіп, салауатты өмір салтын ұстана отырып, сарқыраманың сұлулығымен танысты. Биіктігі 30 м сарқыраманың маңайында Тянь-Шань қоңырау аюының көптеп мекендеуіне байланысты “Аюлы” деп аталатынын біліп, гидронимымен де танысты. Саяхаттан мектебіміздің оқушыларының алған әсерін айтып жеткізу қиын. Жорық барысында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізге алына отырып, оқушыларға ең алдымен экологиялық тәрбие, патриоттық және рухани-адамгершілік бағытта жүргізілді. Шәкірттеріміз барған жерлерінен алған әсерлерімен қоса бойларына тәрбие құндылықтарын сіңіре отырса біз үшін үлкен жетістік. Алдағы уақыттарда кеңбайтақ жеріміздің басқа да жерлерін тамашалап, қоршаған әлем сұлулығымен, Туған жер байлығымен таныстыру жұмыстары жалғасын табады.
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru