09
қазан
2024
"Қыздар ұйымының" жиналысы
Мектебіміздегі қыздар ұйымының жетекшілері - А.Ажикенова мен Ж.Уйсинбаева 8-11 сынып қыздарына арналған “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында жаңа оқу жылының алғашқы жиналысын өткізді. Жиналыста келесідей тақырыптар бойынша өзекті мәселелер қарастырылды: “Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік немен қауіпті? Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?”. Сонымен қатар, қыз баланың ішкі және сыртқы гигиенасы туралы айтылды. Жиналыс орыс және қазақ тілдерінде жүргізілді. Өзекті мәселелер қыздарға бейнероликтер, сауалнама арқылы жүргізілді. Сондай-ақ қыз балаларға пайдалы кеңестер айтылды.