«Жас МАИ» тобы оқушыларының өмір қауіпсіздік сабақтары » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас МАИ» тобы оқушыларының өмір қауіпсіздік сабақтары
07
ақпан
2024

«Жас МАИ» тобы оқушыларының өмір қауіпсіздік сабақтары

«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы № 8 орта мектеп» КММ «Жас МАИ» тобы жетекшілері химия пәнінің мұғалімі Н. Тутенова мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р. Махматов, мектебіміздің «Жас полиция көмекшілері» клубының мүшелерімен бірігіп, 1-8 сынып оқушыларына «Жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері» тақырыбында оқыту сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, мектебіміздің әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторы - Ашимова Динара Ибрагимовна 8 «ә» сынып оқушылармен «Жол қозғалысының ережелері және жол қауіпсіздігі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

8 «ә» сынып оқушылары жол бойындағы белгілерді ажыратып, танысып, қауіпсіздік ережелерін өздері айтып, топтық, жұптық тапсырмаларды орындады.

Ал, «Жас МАИ» тобы мен ЖПК клубы мүшелері өткізген сабақ барысында әр сыныпқа кіріп 5 минут аралығында «Жол белгілері» суреттері көрсетіліп, тапсырмаларын орындатып, жаяу жүргінші мен жолаушының өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстырылды.

Бастауыш пен орта буын оқушылары барынша білетін жол белгілері туралы ой бөлісіп, белгілерді тауып, сұрақтарға жауап берді.

Мектебіміздің әр жастағы шәкірттері үшін өте құнды ақпараттар беріліп, «Өмір қауіпсіздік ережелерін» сақтауға бағытталған іс-шарадан оқушыларымыз ой түйді деген үміттеміз.

#НОстровский_атындағы_8_орта_мектеп
«Жас МАИ» тобы оқушыларының өмір қауіпсіздік сабақтары



Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru