"29 қазан - Қамқоршылар күні"
29 қазан - "Қамқоршылар күніне" орай бала мектебімізде қамқоршыларға арнайы алғыс хат пен тәтті сыйлар табысталды. Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген қамқоршыларымызға шын жүрегімізден алғыс айтамыз. Әрдайым жадырап, денсаулықтарыңыз мықты болып, балалардың қызығын көре беріңіздер!