5 қыркүйек - "Қазақстан халқы тілдері күні"
5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Міне, осы себептен 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің бесінші жұлдызында мерекеленеді. Ата заңның 7-бабында "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі" екені жазылған. Ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. "Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен