"Көңілді спорт-тайм!"
Бүгін мектеп лагерінің кезекті күнінде оқушыларымыз өзара бірнеше командаларға бөлініп, спорттық ойындар жарысын өткізді. Жарыс қатысушылары жүгіру, секіру, допты көздеп лақтыру сынды түрлі сайыс түрлерінен өтті. Жаз мезгілінде барынша салауатты өмір салтын ұстанатын балалар, денсаулықты қалыпты ұстаудың негізгі көзі спорт екенін тағы да бір дәлелдеді.