Материалы за Наурыз 2024 года » Страница 2 » Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа №8 имени Н.Островского» государственного учреждения «Отдел образования по городу Талдыкорган Управления образования области Жетісу»
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 41-54-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 41-12-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Наурыз 2024 года » Страница 2
19 наурыз - Жаңару күні
19
наурыз
2024
19 наурыз - Жаңару күні
 Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады. Оқушылар бұл күнде мектебіміздің мақтан тұтар түлектері - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (Х.Д.С.Ш.) Бір неше дүркін Қазақстан чемпионы, Ересектер арасында Әлем және Азия чемпионы, Халықаралық турнир жеңімпазы Сәрсенұлы Самат пен Халықаралық дәрежедегі спорт
"Наурыз - Қайырымдылық бастауы"
18
наурыз
2024
"Наурыз - Қайырымдылық бастауы"
⚜️ Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. 15 наурызда Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтеді. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп,
"Екі жұлдыз" байқауы
17
наурыз
2024
"Екі жұлдыз" байқауы
Бастауыш әдістемелік бірлестігі онкүндігінің жабылу салтанатына орай мектебімізде 1-4 сыныптар арасында "Екі жұлдыз" байқауы өтті. Оқушылар ата-аналарымен, ұстаздарымен ән шырқап, би биледі. Сахнада өнер көрсеткен әрбір жұп "Екі жұлдыз" кубогымен марапатталды. Тыңдармандарға әсем қойылымдар ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқан барша ұстаздар мен ата-аналарға үлкен алғыс айтамыз!
Бастауыш сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өтті
16
наурыз
2024
Бастауыш сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өтті
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде 2-4 сыныптар аралығында математика-қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада өтті #НОстровский_атындағы_8_орта_мектеп #бастауышонкүндігі
"ProEco" экологиялық жобалар конкурсы
14
наурыз
2024
"ProEco" экологиялық жобалар конкурсы
Н.Островский атындағы №8 орта мектеп базасында 5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco" экологиялық жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. ✔️Конкурстың негізі мақсаты - экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Мектебіміздің атынан қатысып, намысын қорғаған оқушылар: "Туған өлке табиғаты" бағыты бойынша 8 "Б" сынып оқушылары Садиев Тимур, Тищенко Анна жүлделі І орынмен; "Таза қала Сізден басталады" бағыты бойынша
Бастауыш сынып мұғалімдерімен әдістемелік коучинг
13
наурыз
2024
Бастауыш сынып мұғалімдерімен әдістемелік коучинг
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде мұғалімдермен “Бастауыш сыныпта белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі” атты коучинг өтті. Жауапты мұғалім: Тауасарова А.Ж.
Коучинг - “Бастауыш сыныпта белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі”
13
наурыз
2024
---
Коучинг - “Бастауыш сыныпта белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі”
⚜️ Бастауыш әдістемелік бірлестігінің онкүндігінде мұғалімдермен “Бастауыш сыныпта белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі” атты коучинг өтті
Бастауыш онкүндігі аясындағы ашық сабақтар
12
наурыз
2024
Бастауыш онкүндігі аясындағы ашық сабақтар
"Бастауыш" әдістемелік бірлестігі онкүндігінде 3 "Г" сыныбында "Где и как возникли поселения людей" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Лютых С.Н. 3 "А" сыныбында "Разрядтан екі рат аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сынып жетекшісі: Шарипова А.А.
Қалалық мұғалімдер турнирінде жүлделі ІІ орын!
11
наурыз
2024
Қалалық мұғалімдер турнирінде жүлделі ІІ орын!
Талдықорған қаласының орта мектептерінің мұғалімдері арасында Дюзгенбаев Сержан Тоқтамысұлын еске алуға арналған айналмалы кубогы үшін өткен волейбол ойынында Н.Островский атындағы №8 орта мектеп ұжымы құрамасы жүлделі ІІ орынды иеленді
Мекен жайымыз
Талдықорған қаласы, Ә.Тыныбаев көшесі, 131 үй

©2016-2020, Ресми сайт «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Островский атындағы №8 орта мектеп» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru